Сайрам ауданында жыл басынан бері 700 тонна ет экспортталған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Сайрам ауданы елімізде ет өндіру бойынша алдыңғы қатарда келеді. Індетке байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан мұндағы шаруалар мал өсіріп, ет өнімдерін саудалауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ауданнан Өзбекстан, Иран, Ресей мемлекеттеріне 465 бас мүйізді ірі қара мен 75 бас жылқы, 57 бас уақ мал тірідей сатылған. Сондай-ақ, 506 тонна сиыр мен 71,4 тонна қой еті сойыс салмағында экспортталған. Бұдан бөлек, 566 тонна мал азығы Өзбекстан және Ауғанстан мемлекеттеріне жөнелтілген.

Сайрамдық ет өндірушілер сонымен қатар, ет өнімдерімен еліміздің бірқатар өңірлерін де қамтамасыз етіп отыр.

Атап айтқанда, Түркістан облысы мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе сынды қаланың сауда орындарына ет жеткізіп беруде.


Соңғы жаңалықтар