Сайрам ауданында үш егіз дүниеге келді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында үш егіз дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алғашқы егіз 12 мамырда туды. Олардың анасы - Қарабұлақ ауылының тұрғыны. Ұл мен қыздың әрбірінің салмағы екі килограмға жуық болды», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

23 мамырда туған екінші егіздер де Қарабұлақ ауылының жаңа тұрғындары. Нәрестенің бірі 2250 грамм, екіншісінің салмағы 3400 грамм. Дәрігерлердің айтуынша, қыздардың екеуінің де денсаулығы жақсы.

23 мамыр күні Манкент ауылында тағы да егіздер өмір есігін ашты. 2115 және 2400 граммен туған қыздардың екеуі де сау-саламат.

Айта кетейік, статистикалық мәліметтерге қарағанда ОҚО-да жыл сайын шамамен 750-ге жуық егіз дүниеге келеді.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар