Сайрам ауданында көшеден жаңа туған нәресте табылды

None
None
САЙРАМ.ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сайрам ауданында жаңа туған нәрестені көшеге тастап кеткен. Сүлгіге орап қойған шақалақты Ақсукент ауылының тұрғындары тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға хабарласқан тұрғындар нәрестені бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында тауып алғанын айтқан. Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына Сайрам АПБ бастығы бастаған жедел тергеу тобы шыққан. Тәртіп сақшылары сүлгіге оралған сәбидің туғанына 4-5 сағат болғанын анықтаған. Тез арада нәресте аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер бақылауға алған. Мамандар оның салмағы 2,75 кг, бойы 52см екені және азиат нәсілді қыз бала екенін анықтаған.

«Осы дерек Сайрам АПБ-нде ҚР ҚК-нің 119-бабымен тіркелді. Полицейлердің жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуі нәтижесінде нәрестені көшеге тастап кеткен анасы 2 сағат ішінде табылып, ұсталған. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, не себепті тастап кеткені анықталуда» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар