Сайрам ауданында екпе салдырушылардың қатары артып келеді

None
None
САЙРАМ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сайрам ауданында екпе салдырушылардың қатары артып келеді. Қазір ауданда 7 екпе егу пункті ашылып, 29 егу бригадасы жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрамында дәрігер мен вакцинатор, тіркеуші бар топ ауылдарды аралап, екпе шараларын жүргізуде. Сонымен қатар, үйінен шыға алмайтын тұрғындар үшін ауданда 8 жылжымалы бригада ұйымдастырылған. Барлық мамандар екпе егу бойынша арнайы дайындықтан өтіп, жылжымалы бригадаларға көлік бекітілген.

Бұдан бөлек, ауданда екпе құтыларын сақтауға арнайы қойма ұйымдастырылған. Онда құтыларды сақтауға және тасымалдауға 2 стационарлы мұздатқыш, 5 рефрижератор мен термоконтейнер бар. Егу тіректерінің әрқайсысы 1 мұздатқыш камерасы бар тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген. Сайрам ауданында 49 480 адамға екпе егу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін, 1-компонентпен 31 430 адам, 2- компонентпен 19 562 адам қамтылып отыр.

Ауданда екпе салдырушылардың қатарының артуы байқалады.


Соңғы жаңалықтар