+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Сайрам ауданында бөбекжай ұжымы жалақысының кешіктірілгеніне шағымданды

2021 жылғы 24 ақпан 06:19
Бөлісіңіз:
Сайрам ауданында бөбекжай ұжымы жалақысының кешіктірілгеніне шағымданды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Ақсукент ауылындағы «Күншуақ» бөбекжайының ұжымы айлық жалақысының кешіктірілгеніне шағым түсірді. Олар карантинге байланысты қызметкерлердің 70%-ға қысқарғанына наразылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бөбекжай қызметкерлерімен кездесу барысында бұдан өзге де бірқатар мәселе айтылған. Тәрбиешілер карантин режиміне байланысты балабақша жұмысының тоқтап қалғанын алға тартып, жұмысын қайта бастауға рұқсат беруді талап етті. Аудандық адами әлеуетті даму бөлімінің (білім бөлімі) басшысы Құралай Балтабайқызы «Күншуақ» бөбекжайы» ұжымына қаңтар айына айлық аударылғанын, енді ақпан айының қаржысы алдағы үш күнде берілетінін жеткізді. Ал, жалақының кешігу себебін ағымдағы жылы аудан аумағындағы барлық білім беру мекемесі мен кәсіпорындар, оның ішінде «Күншуақ» бөбекжайы Түркістан облыстық коммуналдық меншігіне өтуіне байланысты құжаттары қайта рәсімделгенімен түсіндірді.

«Балабақша қайта тіркеуден өтіп, облыстық бюджет есебінен қаржыландыру барысында қаңтар айының жалақысы кешіккен. Ал айлық 70%-ға қысқармаған. Сайрам ауданының адами әлеуетті даму бөлімінің «Күншуақ» бөбекжайы» МКҚК-ның 2021 жылдық штат саны – 78,7. Бөбекжайдың бала сыйымдылығы – 280, ал тізім бойынша – 167 балаға жолдама алынған. 78,7 штат санына 280 балаға деп 1 айға қамтылған қаражат соммасы – 9 450 560 теңге болуы керек. Алайда, қаржы 167 баланың жолдамасы бойынша, заң аясында 5 млн 636 мың 584 теңге балабақша есебіне аударылды» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT