Сайрам ауданында биыл 7 елді мекенге газ барады - Түркістан

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сайрам ауданында елді мекендерді газдандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, 2018 жылы 12 елді мекен газдандырылды. Осылайша, аудан аумағындағы 42 ауылдың 31-і өткен жылдың қорытындысымен толық көгілдір отынмен қамтылды. Яғни, қамту деңгейі 73,8 пайызды құрап отыр.

«Биылғы жылы 7 елді мекенге газ тарту жоспарлануда және қамту деңгейі 90,4 пайызды құрамақ. Жалпы, аталған 42 елді мекеннің барлығы 2020 жылға толық газдандырылатын болады», - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар