+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Сайрам ауданында білімге жауапты бөлім басшысы мен мектеп директоры парамен ұсталды

2021 жылғы 20 қазан 12:01
Бөлісіңіз:
Сайрам ауданында білімге жауапты бөлім басшысы мен мектеп директоры парамен ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сайрам ауданында адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы мен мектептердің бірінің директоры аса ірі көлемде пара алу кезінде қолға түсті.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақ жастары Түркия университетінде діни білім алады Ауылда өнер мектебі ашылды - Алматы облысы «Ветеринария» мамандығын бітіргендердің  қанша пайызы жұмысқа орналасты

Күдіктілер уақытша тергеу абақтысына қамалып, тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының мамандандырылған тергеу сотының мәліметінше, мектеп директоры жергілікті тұрғынды жұмысқа қабылдау үшін 800 мың теңге көлемінде пара алған. Қомақты қаражаттың жартысын аудандық білім бөлімі басшына жеткізіп берген. Осы кезде екеуі де құзырлы орган өкілдерінің қолына түсті. Қазіргі таңда Түркістан облысының мамандандырылған тергеу соты қос бірдей білім саласы өкілдерін екі айға қамау туралы санкция шығарды.

«Сайрам ауданының білім бөлімінің бастығы мен мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қаралып, екі ай мерзімге санкция берілді. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 366 бабы 3-ші бөлігінің 2-ші тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Тараптар шағым келтіріп, аппеляциялық сотқа жолданды»,- дейді Түркістан облысының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Әбдуәлі Қосмұратов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT