+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Сайрам ауданында ауыл әкімдігінің кеңсесі «Адалдық алаңына» айналды

2020 жылғы 23 қараша 02:00
Бөлісіңіз:
Сайрам ауданында ауыл әкімдігінің кеңсесі «Адалдық алаңына» айналды

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылының әкімі жұмыс кабинетін ақсақалдар кеңесіне тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да Ұлттық табиғи парк директорына 23 млн теңге айыппұл салынды Агенттік Атбасар ауданы мен Степногор білім бөлімдерінің басшылары не үшін жазаланғанын түсіндірді Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Call орталыққа 25 мыңнан астам хабарлама түсті

Өзі ғимараттың бірінші қабатындағы азаматтарды жеке өтініштерімен қабылдайтын мамандармен бірге бір кабинетке жайғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүйелі түрде жолға қойған ауыл әкімі М.Нажиевтің айтуынша, тұрғындармен байланысудың бұл әдісі – «Адалдық алаңы» ретінде жемқорлықтың орын алуына жол бермейді. Тұғындар мұнда ҚР Электронды үкімет қызметін пайдалана алады. Арыз-шағым мен ұсыныс-тілектерді сондағы мамандар қарайды. Әрі ауыл әкімі қоластындағы қызметкерлердің халықпен етене жақын араласып, тәжірибе алмасуына тиімді болмақ. Бұл үрдісті Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков басқа ауыл округтеріне азаматтық қоғамды дамытудың үлгісі ретінде атап өтті.

«Әр ауыл округінің әкімі Қарамұрттағы әдіспен жұмыс істеп, ел ішіндегі өзекті мәселердің шешімін табуға жұмылуы қажет. Ауыл әкімдері қызметкерлерінің ортасында жүріп, кез келген ауыл тұрғыны еркін сөйлесе алатындай жағдай жасаса, нағыз «Ашық әкімдікке» айналады», - деді аудан басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT