Сайлаушылардың дауысы үшін бәсекелестік барынша өткірлене түседі - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайлаушылардың дауысы үшін бәсекелестік барынша өткірлене түседі. Бұл туралы AMANAT партиясының кезектен тыс XXIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар елдің саяси сәулетін кешенді қайта форматтауға, билік тармақтары арасында тежеу мен тепе-теңдік жүйесін қалыптастыруға бағытталған», - деді Президент.

Мемлекет басшысы еліміз басқарудың суперпрезиденттік формасынан түбегейлі бас тартатындығын атап өтті.

«Парламенттің, мәслихаттардың өкілеттіктерін күшейтеміз. Басымдықтардың бірі - партиялық-саяси саланы жаңғырту. Партиялық және сайлау заңнамасын ырықтандыру биліктің барлық деңгейлерінде қабылданатын шешімдердегі қоғам рөлін нығайтады. Сайлаушылардың дауысы үшін бәсекелестік барынша өткірлене түседі. Саяси процестің де динамикасы мен мазмұны өзгеретіндігі сөзсіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар