Сайлаушылардың аманатын орындауға бар күш-жігерімді саламын - Ерлан Қошанов

Автор:  
Руслан Ғаббасов

Сайлаушылардың аманатын орындауға бар күш-жігерімді саламын - Ерлан Қошанов

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов сайлаушылардың аманатын орындауға бар күш-жігерін салатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттар алдында сөз сөйлеген Е.Қошанов Мәжіліс төрағасы ретінде кандидатурасын қолдап, сенім көрсеткен депутаттарға алғыс айтты.

«Бұл сенім мен үшін үлкен мәртебе, сондай-ақ халқымыздың алдында зор жауапкершілік. Сондықтан палата депутаттарымен бірге сайлаушылардың аманатын, Мемлекет басшысының реформаларын жүзеге асыру үшін тәжірибемді, бар күш-жігерімді саламын деп уәде беремін», - деді Мәжіліс төрағасы.

Осы орайда ол бүгін VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясы ашылғанын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі жұмыстардың бағдарын айқындап бергенін еске салды.

«Бұл тұрғыда жүктелген міндеттерді сапалы әрі тез арада іске асыру біздің ортақ жұмысымыз. Ол үшін барлық мүмкіндік бар. Ең бастысы, бізге халықтың сенімі бар. Атап айтқанда, халықтың сенімін барлығымыз абыроймен атқарайық», - деді Ерлан Қошанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Парламенті Мәжілістің төрағасы лауазымына Ерлан Қошанов сайланды.





Серіктестер жаңалықтары