+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Сайлауға ҚР Кәсіподақтар федерациясынан 5700-ге жуық бақылаушы қатысады

2020 жылғы 26 қараша 17:19
Бөлісіңіз:
Сайлауға ҚР Кәсіподақтар федерациясынан 5700-ге жуық бақылаушы қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Кәсіподақтар федерациясы алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына бақылаушы ретінде 5700-ге жуық адамды белгіледі. Олар сайлаудың ашықтығы мен әділ өтуін бақылайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше ғана ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлаудағы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы бақылаушыларының республикалық штабының бірінші отырысын өткіздік. Біз сайлауға бақылаушы ретінде қатысамыз. Бүгінгі күні 9500-ден астам сайлау учаскелеріне 5700-ге жуық бақылаушы өз кандидатурасын ұсынды. Біз оларға пандемия кезінде сақтық шараларын түсіндіреміз. Бақылаушылар оқудан және тренингтерден өтеді», - деді ҚРКФ байқаушылары республикалық штабының төрағасы – Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев Кәсіподақтар үйінде өткен брифингте.

Республикалық штабтың мүшесі, «Мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің қазақстандық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Атақозы Нұрлановтың айтуынша, басты мақсат – бақылаушылардың жұмысын ашық және адал ұйымдастыру.

«Кәсіподақтар федерациясы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлаудағы еркін процестерге бақылаушы ретінде қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Өңірлерде аймақтық бақылаушылар штабы құрылды, оларға аймақтардан барлық ақпарат келіп түседі. Біздің мақсатымыз – бақылаушылардың жұмысын ашық, шынайы түрде ұйымдастыру және сайлаудың ашықтығы мен әділ өтуін қамтамасыз ету. Ең бастысы – адамның таңдау мүмкіндігіне қатысты конституциялық құқығын қамтамасыз ету. Менің ойымша, біз адалдықты, ашықтықты, заңнама қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ете аламыз», - дейді Атақозы Нұрланов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT