+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Сайлауға қатысты 34 өтініш түсті - ОСК

2020 жылғы 26 қараша 12:02
Бөлісіңіз:
Сайлауға қатысты 34 өтініш түсті - ОСК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясына сайлау жарияланған күннен бері 34 өтініш келіп түскен. Бұл туралы ҚР ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент бастамалары мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс тетіктерін жетілдіруге негізделген - сарапшы

«Сайлау жарияланған күн - 21 қазаннан бастап бүгінге дейін Орталық сайлау комиссиясына 34 өтініш келіп түсті. Бесеуі – жеке тұлғалардан, 29 – заңды тұлғалардан, оның ішінде 13 – БАҚ-тан. Көтерілетін мәселелердің сипаты бойынша өтініштерді былайша бөлуге болады. 50 пайызы, яғни 17 өтініш «Сайлау туралы» Заңның нормаларын түсіндіру туралы, 17 пайызы – сайлау процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру, 12 пайызы – сайлау заңнамасын және ОСК қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар, 21 пайызы – өзге де мәселелер бойынша», - деді ол ОСК отырысынла

Оның айтуынша, пандемия жағдайында сайлауды өткізу, байқаушыларды тіркеу, мүмкіндігі шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын іске асыруын қамтамасыз ету, сайлау науқанына бөлінген қаражатты жұмсау, азаматтарды сайлаушылардың тізіміне енгізу, сайлау алдында үгіт жұмыстарын жүргізу және шет елде дауыс беруді ұйымдастыру әрі өткізу мәселелері бойынша келген өтініш авторларына жауап берілді

«Көрсетілген кезең ішінде келіп түскен 34 өтініштің ішінен ОСК аппараты тарапынан 22-сіне белгіленген мерзімде өтініш берушілерге толық жауап берілді. 4-еуі Орталық сайлау комиссиясының құзыретіне кірмейтіндіктен заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға қайта жолданды. Бір қайта жасалған өтініш қараусыз қалдырылды. БАҚ-тың екі ақпараттық хабарламасы ОСК сайтында орналастырылды. 5 өтініш қаралуда. Орындалмаған өтініштер жоқ», - деді Ерлан Дауылбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT