Сайлауға 20 мыңға жуық байқаушы қатысуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сайлау байқаушылары 1 қаңтардан бастап дайындықтан өтті. Бұл туралы Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының басшысы Бану Нұрғазиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 07:00-ден бастап Республика бойынша 9559 сайлау учаскесі ашылып, біздің байқаушылар жұмысын бастады. Байқаушыларды 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дайындадық. Барлық өңірде ең танымал тренерлер онлайн және офлайн тренинг, семинарлар өткізді, сондай-ақ орталық сайлау комитетінің өкілдерін де тарттық. Байқаушылар құрамыына ҚР Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстанның Азаматтық Альянсы және 2000-нан астам үкіметтік емес ұйымы бар. Байқаушылардың жалпы саны - 19 650», - дейді Сайлауды бейпартиялық байқау ортылығының басшысы Бану Нұрғазиева.

Сонымен қатар, Нұрлан Өтешов ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов байқаушылардың қалай жұмыс істейтінін айтты.

«Сағат 09:00-де Республикалық штабымыз облыстық штабтардан ақпарат жинап қойды. Сайлау учаскелелерінде байқаушылар әртүрлі нұсқада жұмыс істейді. Мысалы, бір сайлау учаскесінде бір байқаушы күні бойы жұмыс істесе, тағы бір сайлау учаскесінде түске дейін бір байқаушы, түстен кейін бір байқаушы болады, кейбір сайлау учаскесінде үш байқаушыдан бар. Әзірге сайлау процесіне әсер ететін бұзушылықтар анықталған жоқ. Екі сағат сайын ақпарат таратып отыруға дайынбыз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар