Сайлаудың табысты өтуіне Қазақстанның барлық көршілері мүдделі - грекиялық журналист

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ - Соңғы 30 жылда Қазақстан Еуропа үшін, соның ішінде Грекия елі үшін Орталық Азиядағы тұрақтылық аймағы ретінде танылды. «Русские Афины» грекиялық ақпарат агенттігінің бас редакторы П.Онойко осындай пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Грекиялық журналист Қазақстанның айтарлықтай күрделі геосаяси ортада орналасқанын, аумаққа Ауғанстан мен Иранның, Таяу Шығыстың тікелей де, жанама да әсері бар екенін атады. Ол өз сөзінде Қазақстанның Кавказ сияқты күрделі өңірмен шекаралас жатқанын, Еуразия экономикалық одағына мүше екенін, солтүстігінде Ресеймен құрлықтағы ең үлкен шекараны бөлісіп отырғанын еске салды. Қытаймен арадағы экономикалық және инвестициялық байланысқа да тоқталған агенттік өкілі еуропалық қауымдастық елдегі саяси процестерді қызығушылықпен бақылап отыр деген ой айтты.

«Осының бәрін ескеретін болсақ, Қазақстандағы сайлаудың халықаралық және ұлттық заңнамаларыңызға сай, демократия мен еркіндік жағдайында, бейбіт рәуіште өтуі барлық көршілеріңіз бен серіктестеріңіз үшін өте маңызды. Бұл жолғы президент сайлауы Қазақстандағы мемлекеттік процестерді біршама жандандырып, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан прогрессивтік реформаларға тың серпін беруі мүмкін. Бұл Қазақстанның өркендеуі үшін жаңа тыныс ашып, ішкі және сыртқы байланысқа өз әсерін тигізеді. Қазақстан халқы кімді сайласа да, бұл дұрыс таңдау болып, көпұлтты әрі заманауи бірегей қоғам құру жолындағы жұмыстар жемісті жалғасын табады» - дейді П.Онойко.

Соңғы жаңалықтар