Сайлауды байқау неліктен адам құқығын қорғау деп есептеледі – Шыңғыс Лепсібаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайлауды байқау неліктен адам құқығын қорғау деп есептеледі? Бұл сұраққа «Eurasian expert Council» ҚҚ президенті Шыңғыс Лепсібаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен бірге «ҮЕҰ академиясы» білім беру жобасы шеңберінде сайлауды байқау негіздерін түсіндіруге арналған семинар өткізілді. Отырысқа онлайн режимде 500-ден астам адам қатысуға ниет білдірген. Отырыста сайлауды байқау негіздері түсіндірілді.

«Сайлауды бақылау, оның ішінде тәуелсіз байқау процесіне біз неліктен адам құқығын қорғау ретінде қараймыз. Өздеріңіз білетіндей, 1949 жылы Біріккен Ұлттар ұйымы құрылған кезде оның барлық халықаралық ұйымдардан концептуалды ерекшелігі – БҰҰ-ның адам құқығын жекелеген мемлекеттердің ісі ретінде қарамағанында. Адам құқығы – халықаралық қауымдастықтардың ісі. Тиісінше сайлауды байқау – жекелеген адамдардың құқығының қорғалуын бақылау ретіндегі ең бірінші кезекте – кісі құқығын қорғау ісі саналады. Сол себепті Қазақстанда және басқа да мемлекеттерде халықаралық байқау бар», - деді Шыңғыс Лепсібаев.

Оның айтуынша БҰҰ сайлауды байқау процесіне төрт өлшеммен қарайды. Бұл төрт шарт еркін, тәуелсіз азаматтық қоғамды қамтамасыз етуге арнадған: қатысу, шеттемеу, ар-абырой, ашықтық пен есептілік. Сайлауға қатысу құқығы – бұл азаматтың өз мемлекетін басқаруына атсалысу құқығы. Тәуелсіз байқау азаматтарға мемлекет пен сайлауды өткізушілердің, аумақтық сайлау комиссияларының бекітілген нормаларды қаншалықты сақтайтынын көрсетеді.

Шыңғыс Лепсібаев сондай-ақ тәуелсіз байқау процесі тұңғыш рет Филиппинде жүргізілгенін атап өтті. Ал 1987 жылы Халықаралық сайлау жүйелерінің қоры (IFES) құрылған. Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңы мен басқа да мемлекеттердің сайлау туралы заңы осы қор айқындаған стандарттар негізінде жазылған.


Соңғы жаңалықтар