Сайлауды бақылауда ТМД байқаушылары қалай жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауында қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда ТМД елдерінен келетін байқаушылар қандай шара қабылдайды? Бұл туралы ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында ТМД Атқару комитеті - атқарушы хатшысы төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминский айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда бұдан бұрын болған сайлауларды бақылауға бұрын мен қатысқан жоқпын. Егер белгілі бір байқаушы қандай да бір бұзушылықты анықтайтын болса, онда ол кемшіліктер туралы тиісті арыз жазу керек. Ал содан кейін болған фактіге қатысты шешім қабылданады. Ол арыз прокуратураға жөнелтіледі. Бізде штаб енді ғана құрылуда. Ол штабтың жұмысын реттеу барысында Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Жоғарғы сотпен тиісті жұмыстарды үйлестіріп жатырмыз. Біз байқаушылардан түскен қандай да бір шағымдар мен бұзушылықтарға қатысты ақпараттардың барлығын жинаймыз. Миссияның қорытынды мәлімдемесін даярлау кезінде осы материалдардың барлығын тіркейміз. ТМД байқаушылар миссиясының жұмыс принципі - басқа миссиялардың жұмысына ұқсамайды. Біз не көрдік, соны жазамыз. Содан кейін осы мәселе бойынша ресми органдардан алған жауапты да тіркейміз», - дейді ол.
null

ТМД-дан байқаушылар миссиясы Қазақстандағы сайлауды, оның ішіндегі ҚР Президентініің сайлауын байқауда үлкен тәжірибеге ие. ТМД-дан 700-ден астам байқаушылар миссиясы Қазақстанда 2015-2016 жылдары өткен екі сайлау науқанына қатысқан болатын.

Айта кетсек, бұдан бұрын Виктор Гуминский Қазақстандағы Президент сайлауын ТМД-дан 300 байқаушы бақылайтынын мәлім еткен еді.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркеліп отыр.

Соңғы жаңалықтар