Сайлаудан кейін «парламенттік оппозиция» деген түсінік қалыптасады – сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық сарапшылар Sailau Talks-2021 алаңында елімізде өтіп жатқан Парламент сайлауының маңызы мен ерекшелігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылғы сайлаудың бірінші ерекшелігі – конституциялық мерзімге сай, яғни өз кезегімен өтіп жатыр. Екіншіден, Қазақстанда тұңғыш рет мәслихат сайлауы партиялық тізім бойынша өтеді. Үшіншіден, тұңғыш рет саяси партиялардың барлық тізімінде 30% квота сақталған. Төртіншіден, сайлаудан кейін жаңа Парламенттің құрамында бізде ең алғаш рет «парламенттік оппозиция» деген түсінік қалыптасады. Мен осы төрт ерекшелікті атап өткім келеді», - дейді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина.

Сондай-ақ, Қазақстан стратегиялық зерттеулер инсттитутының сарапшысы Мадина Бектенова биылғы сайлаудың ерекшелігі – коронавирус пандемиясы жағдайында өтіп жатқанын баса айтты.

«Көптеген мемлекет осындай жағдайда сайлау өткізуден бас тартты, дегенмен сайлау өткізген мемлекеттер де бар. Қазақстан сол кезеңнен сәтті өткен мемлекет қатарына жатады. Бүгін бізде барлық сақтық шараларын сақтай отыра сайлау өтіп жатыр. Сайлаудың басты ерекшелігі – өз уақытында өтіп жатыр. Бұған дейінгі Парламент Мәжілісі сайлауы 5 рет мерзімінен бұрын өткен», - дейд ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Sailau Talks-2021 сарапшылары өтіп жатқан сайлаудың маңыздылығы талқылайтынын жазған болатыныз.

Іс-шараны Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.


Соңғы жаңалықтар