Сайлаудан кейін еліміздің дамуына ерекше қарқын беріледі деген үміттемін - Қарақат Әбден

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы сайлау науқанына халықтың қызығушылығы мен белсенділігі жоғары. Бұл туралы ҚР Президентін кезектен тыс сайлауда үміткер Қарақат Әбден айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сайлаудан кейін еліміздің дамуына ерекше қарқын беріледі деген үміттемін. Мемлекетіміздегі демократиялық үдерісті ескере отырып, әділетті әрі жаңарған Қазақстан бойынша жұмыстарды ел болып бірге жүзеге асырамыз», - деді Қарақат Әбден.

Бұл тұрғыда ол алдағы 7 жылда елдің дамуы жолында оңтайлы қадамдар болады деген ойын жеткізді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР президентін кезектен тыс сайлауда үміткер Қарақат Әбден дауыс берді.

Ол сайлауалды штабымен бірге Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында және өзге де елді мекендерде іс-шаралар өткізді.


Соңғы жаңалықтар