Сайлаудан кейін елдегі игі істер еселене беретініне сенімдімін – Ольга Рыпакова

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алтайньюс сайтына сілтеме жасап.

О.Рыпакова Өскемендегі № 47 мектепте орналасқан №2 сайлау учаскесінде тіркелген.
Ол кәмелет жасқа толғаннан бері бірде-бір сайлау науқанынан қалмағанын айтады. Тіпті Қазақстаннан жырақ, жарыстарға кеткенде де, әркез өз таңдауын жасап үлгеріп жүрген.
Айтулы додаларда ел намысын қорғап, жастарға үлгі болған спортшы сайлаудың маңыздылығын терең түсінеді.
«Сайлау – елдің болашағы үшін маңызды. Әрбір қазақстандық дауыс беруі керек деп ойлаймын. Өз дауысымды таңдаулы кандидатыма бердім. Қазір де елдің өркендеуі үшін көптеген шаралар,бағдарламалар атқарылып жатыр ғой, дегенмен сайлаудан кейін ел дамуы жолындағы игі істер еселене беретініне сенімдімін», - деді ол.




Соңғы жаңалықтар