Сайлаудағы кемшілікті анықтауға емес, Қазақстанды қолдауға келдік - байқаушы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сайлау процесіндегі кемшілікті анықтауға емес, Қазақстанды қолдауға келдік. Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің байқаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ТМД елдері байқаушыларының миссиясы осы жылдың 20 мамырынан бастап Қазақстандағы жұмысына кірісті. 20 мамырдан бері 20 ұзақмерзімді байқаушы жұмыс істеді, миссияның штабы құрылған. Осы уақыттың ішінде ұзақмерзімді байқаушылар бірнеше облыста болып, Қазақстан Республикасының барлық облыстарында байқау бойынша бекеттер ұйымдастырды. Бұған қоса, ұзақмерзімді байқаушылардың қатысуымен жалпы миссияның құрамын жасақтады. Достастықтың 8 елінен 432 байқаушы кірді», - деді ол ҚР Орталық сайлау комиссиясында ұйымдастырылған брифинг барысында.
null

Оның айтуынша, сайлауды Украина мен Молдовадан келген байқаушылар да қадағалайтын болады. Дегенмен, олар ТМД миссиясының құрамына кірген жоқ. Жалпы ТМД миссиясының құрамына өмірлік тәжірибесі мол адамдар кіріп отыр. Олардың қатарында депутаттар, Орталық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері бар, сайлау процесін жетік біледі.

Осы ретте С.Лебедев ТМД елдерінің байқаушылар миссиясы сайлау процесіндегі қандай да бір кемшіліктерді анықтау үшін емес, Қазақстанға қолдау және көмек көрсету үшін келгендігін айтты. Қазақстандағы сайлау науқаны ұйымдасқан түрде, тыныш өтіп жатқанына назар аудартты.

«Қазақстан Орталық сайлау комиссиясындағы кездесу барысында, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерімен әңгімелесу барысында біз негізгі мақсатымыз сайлаушылардың өз еркін білдіру құқығын қамтамасыз ету деген ортақ пікірге келдік. Дауыс беру тәртібі, сайлау учаскесінде тіркеу туралы ақпараттар барлық сайлау учаскесінде бар», - деді миссия басшысы.

null

Соңғы жаңалықтар