Сайлауда Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі көрінді - ТүркПА өкілдері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде кеше өткен сайлауды Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) атынан 8 бақылаушы қадағалап, өз пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз сайлаудың өту барысы туралы қысқамерзімді мониторнг жасадық. Біз Қазақстандағы сайлауға және оны мониторингілеуге бұған дейінде қатысып келеміз. Осымен Қазақстанда өткен 6-ы сайлауға қатысып, баға беріп келеміз. Айта кету керек, кезекті сайлау Қазақстандағы демократияның шынайылығын көрсетті. Сайлауда халық өз таңдауын жасап, жарқын болашаққа тағы бір қадамға жылжыды деп ойлаймын», - деді Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов елордада тәуелсіз халықаралық байқаушылардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ТүркПа атынан 8 байқаушы елордадағы сайлау барысын қадағалады.

«Қазақстандағы сайлаудың өту барысын бақылау үшін ТүркПА атынан 8 байқаушы тағайындалды. Олар өз қызметін Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асырды. Олардың қатарында ТүркПа-ға мүше Түркия және Әзербайжан елдерінің депутаттары мен сарапшылары бар. Сондай-ақ, біз ҚР Парламент Сенаты және Орталық сайлау комиссиясының басшылығымен кездестік. Онда бізге сайлауға қатысты толық ақпарат берілді. Енді сайлау барысына келсек, алдымен барлық санитарлық талаптар сақталды, екіншіден сайлауда сынға түскен үміткерлер арасында әйелдер мен жастардың көптігі байқалды. Мұны ерекше айтып өткен дұрыс», - деді ТүркПА-ның құқықтық және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі комиссия төрағасы, халықаралық байқаушы Исмет Учман.

Тәуелсіз байқаушының мәлімдеуінше, сайлау барысын бақылауда теңдей жағдай жасалды.

«Біздің байқаушылар Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше сайлау учаскесінде оның өту барысын қадағалады. Барлығыда заң аясында жүзеге асырылды және сайлауға қатысты ақпараттар қолжетімді болды. Сол секілді сайлауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің белсенділігі көрінді. Бұл сайлаудың ашық әрі әділ түрде өтуін қамтамасыз етеді. ОСК мәліметінше сайлауға халықтың 63,3 %-ы қатысқан, бұл Еуропа елдеріндегі сайлаумен салыстырғанда үлкен көрсеткіш», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар