+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Сайлауда тәуелсіз бақылаушылар саны көп болады - Әлия Әбиева

2020 жылғы 26 қараша 18:20
Бөлісіңіз:
Сайлауда тәуелсіз бақылаушылар саны көп болады - Әлия Әбиева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экономикалық дағдарыс пен пандемия кезеңінде елімізге мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңызды шешімдер қабылдауда тұрақтылықты сақтай алатын Парламент қажет. Бұл туралы «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Әлия Әбиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы сайлау демографиялық қайта құру тұрғысынан біздің мемлекетіміздің одан әрі дамуындағы маңызды оқиғаға айналуы керек. Жаңа өзгерістерге сәйкес, Парламентте алғаш рет әйелдер мен жастарға арналған 30% квота берілді. Бұл елдің қоғамдық-саяси процестеріне белсенді қатысуға ықпал етеді. Қазір тізімнің үштен бір бөлігі әйелдерден тұрады. Депутаттыққа үміткерлер арасында жастар бар. Қазіргі сайлауда азаматтық белсенділіктің, тәуелсіз бақылаушылардың, жастардың сайлау процесіне деген қызығушылығының артып келе жатқанын байқап отырмыз», - деді Әлия Әбиева.

Оның айтуынша, білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ҚР Кәсіподақтары федерациясының ірі мүше ұйымдарының бірі ретінде еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғайды және маңызды ішкі саяси процестерден тыс қала алмайды.

«Біздің өкілдер кәсіподақтар федерациясының байқаушылар штатына енгізіліп, сайлауды бақылауға қатысушылардың іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың желілік кестесі құрылды. Кәсіподақ Федерацияның сайлау күні сайлаудың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын қолдайды. Біз бақылаушылар ретінде сайлауды ашық, еркін және демократиялық жағдайда өткізуге көмектесе аламыз. Нәтижесі қандай болмасын, осы сайлаулар саясаттағы тұрақтылыққа әкеледі деп үміттенеміз. Экономикалық дағдарыс пен пандемия кезеңінде елге елдің одан әрі дамуы үшін маңызды шешімдер қабылдауда тұрақтылықты сақтай алатын Парламент қажет», - дейді ол.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT