Сайлауда партияның беделі, оған деген халықтың сенімі көрінеді - Нұрсұлтан Назарбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сайлау туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сайлаудың қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы жетекші саяси партия ретінде өзінің мәртебесін күшейтуі керек. Біздің алған бағытымыз дұрыс. Ал халық бізге сенеді. Ел азаматтары бізге әрқашан сенуі керек. Соған жұмыс істеуіміз қажет. Барлығына тек сәттілік тілеймін», - деді Елбасы партияның кезектен тыс XIX съезінде.
Айта кетейік, съезд кезінде Елбасы «Nur Otan» партиясының кандидатын қолдауға қатысты тапсырмалар берді.
«Бізге үлкен жұмысты атқару қажет. Сайлауда партияның беделі, оған деген халықтың сенімі көрінеді. «Nur Otan» партиясына белсенді әрі сенімді сайлау науқанын өткізу керек. Алдымен республикалық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру қажет. Бізде ол жағынан тәжірибе бар. Оны қалай ұйымдастыру қажеттігін білеміз. Меніңше, біз ол жұмысты абыроймен атқарып шығамыз», - деді Н.Назарбаев.
Елбасының айтуынша, сенімді адамдардың қатарына танымал қоғам қайраткерлері кіруі тиіс. Ал үгіт-насихат жұмыстары кезінде жаңа коммуникация құралдары мен саяси технологогияларды қолдану қажет. Осы орайда шетелдік тәжірибені де зерделеп шыққан жөн.
Айта кетейік, осы уақытта елордада ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен партияның кезектен тыс ХІХ съезі өтіп жатыр.
- Ерлан Саиров білім беру саласында психологтардың штатын көбейтуді ұсынды
- Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасын қабылдады
- Елбасы Асхат Аймағамбетовті қабылдады
- Төлеби ауданында тұратын келіншек 18 жыл азаматтық ала алмай келген
-
Қазақстанның Тұңғыш Президенті астана әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
-
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам