Сайлауда дауыс беру арқылы әркім өз болашағына ықпал етеді - Сатай Сыздықов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парасатты сайлау өтеді деп сенеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Этносаралық қатынастар және ҚХА толеранттығы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сатай Сыздықов осылай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, сайлауда дауыс беру арқылы әркім өзінің болашағына ықпал етеді.

«Еліміздегі президент сайлауына ат салысу және дауыс беру әрқайсымыздың ұстанымымызды, таңдау құқымызды айшықты көрсететіні сөзсіз. Сайлауда әркім өзінің дауыс беруі қажеттігін түсінуі қажет. Өйткені азаматтық құқығын пайдалану арқылы әркім өзінің болашағына ықпал етеді. Түйіндеп айтқанда, кез келген адам бүгінгі жасаған таңдауы арқылы ертеңін айқындайды. Сондықтан демократиялық ұстанымға бағыт алған қоғамда кез келген саналы азамат өзінің белсенді сайлауда дауыс беруін тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет», - деді Сатай Сыздықов.

«Этносаралық қатынастар және ҚХА толеранттығы» ғылыми-зерттеу орталығының директорының айтуынша, Қазақстандаға түрлі этнос өкілдері осы сайлауға белсене қатысып, өз таңдауын жасауға толық мүмкіндігі бар екендігін атап өтті.

«Ата Заңда жалпыға бiрдей яғни республиканың 18 жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы берілген. Осыған сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңындағы 5-баптың 3-ші тармақшасында: «3) шығу тегіне, жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, этникалық тиесілігіне, тіліне, дінге деген қатынасына, кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан нанымдарына адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі» деп айтылған. Ендеше, Қазақстанда тұратын 100-ден астам этностар өкілдері осы сайлауға белсене қатысып, өз таңдауын жасауға толық мүмкіндігі бар деген сөз», - деді ылыми-зерттеу орталығының директоры.

Сатай Сыздықов ҚХА-ның кезектен тыс сайлау өтуіне қолдау білдіргенін атап өтті.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы осы жоғарыда аталған құқықтарын пайдалана отырып, сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген мәжілісінде: «Біз болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді түсіне отырып, халық пен елдің биік мүдделеріне сүйеніп, өзіміздің азаматтық және патриоттық парызымызды орындай отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілуін қолдаймыз» деп үндеу қабылдағаны мәлім. Мұның өзі Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдері біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенді араласатын күш екендігін айшықтады», - деді ол.

Оның пікірінше, елдегі қай этностың өкілі болса да, сайлауға қатысып, өздерінің дауысын беру арқылы сайлаудың жаппай ел ішінде әділ өтуіне ықпал етуден қалыс қалмайды.

«Ал сайлауға белсене қатысу үшін саяси сауаттылық қажет. Оның мәнісі айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болғаны дұрыс. Сондықтан елімізде тұратын барлық этнос өкілдеріне әл-ауқатық болашаққа жол ашатын және де ұрпақтар сабақтастығын жалғастыратын іс-әрекеттер өте маңызды», - деді Сатай Сыздықов.

Соңғы жаңалықтар