Сайлауда әкімшілік ресурстар асыра пайдаланылған жоқ – Расул Жұмалы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайлау – кез келген мемлекет үшін сынақ және мемлекеттің тұрақтылығының көрсеткіші. Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында Саясаттанушы Расул Жұмалы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түпкілікті қорытындысы шықпай жатып сайлаудың қалай өткені туралы баға беру қиындау болар, бірақ өз ойымды айтар болсам – әжептәуір алға басу бар», - дейді саясаттанушы Расул Жұмалы.

Оның айтуынша, сайлауға халықтың 63%-ның қатысуы – жақсы көрсеткіш.

«Сайлауға 6 партияның бесеуі қатысты. Сайлау – кез келген мемлекет үшін сынақ және мемлекет тұрақтылығының көрсеткіші. Сайлауда әкімшілік ресурстарды асыра пайдалануды, осы мәселеге әкімдердің араласуын, қара PR дегенді байқаған жоқпын. Бұл жолы партиялар сайлауға дайындықпен келді. Жалпы бағыт-бағдарлары дұрыс, бұл – жақсы қадам», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Sailau Talks-2021 сарапшылары өтіп жатқан сайлаудың маңызын талқылайтынын жазған болатынбыз.

Іс-шараны Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.


Соңғы жаңалықтар