Сайлаубек Ещанов — Қостанай облыстық мәслихатының жаңа төрағасы

None
Фото: qagro.kz
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанайда VIII шақырылған облыстық мәслихаттың бірінші сессиясында төраға сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау нәтижесін мәлімдеді.

Депутаттық мандаттар былай бөлінді: Amanat - 9, Ауыл - 2, Respublica -1, Қазақстан халық партиясы - 1, «Ақ жол» партиясы - 3.

Сессия барысында депутаттар облыстық мәслихат төрағасын сайлады. Бұл лауазымға бұған дейін осы қызметті атқарып келген Сайлаубек Ещанов қайта отырды.

1958 жылы 16 наурызда Қостанай облысы Науырзым ауданының Дәмді ауылында дүниеге келген, қазақ.

Білімі жоғары, 1981 жылы Қостанай педагогикалық институтын физик технолог мамандығы бойынша бітірген.

1981 жылдың тамызынан 1982 жылдың желтоқсанын қоса алғанға дейін Қостанай облысы Науырзым ауданының Дәмді орта мектебінде физика және техникалық еңбек мұғалімі болып жұмыс істеді.

1983 жылдың қаңтарынан 1983 жылдың тамызын қоса алғанға дейін - Мичурин орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.

1983 жылдың қаңтарынан 1983 жылдың тамызын қоса алғанға дейін - Дамді орта мектебінің техникалық еңбек мұғалімі.

1986 жылдың қыркүйегінен 1987 жылдың қыркүйегін қоса алғанға дейін - Докучаев орта мектебінің техникалық еңбек мұғалімі.

1987 жылдың қыркүйегінен 1993 жылдың қазанын қоса алғанға дейін - аудандық ХБББ еңбекке оқыту бойынша инспекторы.

1993 жылдың қазанынан 1994 жылдың қарашасын қоса алғанға дейін - Науырзым коммуналдық кәсіпорындар комбинатының инженер -экспедиторы.

1999 жылдың шілдесінен 2001 жылдың қаңтарын қоса алғанға дейін – «ҚР Бас прокуратурасының аппараты» РМК ЕМК директоры.

2001 жылғы қаңтардан 2003 жылды қоса алғанға дейін – «Сосновый бор» ААҚ бас директоры.

2003 жылдың қарашасынан 2008 жылдың сәуірін қоса алғанға дейін – «Сосновый бор» ЖШС директоры.

2008 жылдың сәуірінен 2012 жылдың қаңтарын қоса алғанға дейін – «Сосновый бор» ЖШС бас директоры.

2012 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы.


Соңғы жаңалықтар