Сайлауалды телевизиялық пікірталас тікелей эфирде өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 29 мамыры күні сағат 18:00-де «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде сайлауалды телевизиялық пікірталас өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы бекіткен регламентке сәйкес, телевизилық жарыссөз және пікірталас 3 раундқа бөлінген.

Бірінші раунд «Қазақстанның экономикалық дамуының басымдықтары» тақырыбында өткізілмек. Сайлауалды телевизиялық пікірталастың раунды екі турды қамтиды. Алғашқы турда өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында әрбір қатысушыға сөз беріледі.

Екінші турда қатысушылардың өздерінің оппонеттеріне «сұрақ-жауап» тәртібінде пікірталас сессиясы ұйымдастырылмақ. Қатысушылар өзінің оппоненттеріне екі сұрақтан қояды, сондай-ақ екі сұраққа жауап беру мүмкіндігін алады.

Екінші раунд «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы» тақырыбына арналмақ.Осы раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырып бойынша сөз сөйлейді. Екінші турда жүргізушілердің барлық қатысушыларға бір сұрақ қоюы ескерілген.

Үшінші раундтың тақырыбы - «Сайлаушыларға арнау». Үшінші, қорытынды раундта қатысушылар тікелей сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді. Түсірілім «Қазмедиа орталығы» медиакешенінде ұйымдастырылады. Пікірталасты танымал тележүргізушілер Ерлан Игісінов пен Қымбат Досжан жүргізеді.

Еске салсақ, ҚР Президенттігіне кандидаттардың теледебаты 29 мамырда «Хабар» арнасында өтетіндігін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар