Сайлауалды науқанда қандай заңбұзушылықтар жиі тіркелді

None
Фото: ortcom.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің Бас прокуратурасы сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезінде болған заңбұзушылық фактілері туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлауалды науқан кезінде Сайлау заңнамасының нормаларын бұзуға жол берілді. Ол бойынша 23 факті тіркелді. Бүгінде барлық факті тексеріліп, кінәлілер әкімшілік жазаға тартылды. Ең көп заңбұзушылықтар тыйым салынған кезде үгіт-насихат жүргізу. Ол бойынша 12 факті тіркелді. 6 жағдайда 3 заңды тұлға және 3 кандидат емес азамат құқық бұзды. Басқа 6 жағдайда бір мандатты округтер бойынша тіркелген Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін заңсыз үгіт жүргізген», - деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Орталық сайлау комиссиясы отырысы барысында.

Оның айтуынша, Бас прокуратура заңбұзушыларды жауапқа тарту бойынша Орталық сайлау комиссиясының келісімін алған.

«Сот кінәлілерге айыппұл салғаннан кейін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша кандидаттар тіркеуден алынды. Бұл заң талабы. Алматыға тағы бір кандидат әкімшілік құқықбұзушылық 122-бабы бойынша жауапқа тартылды. Ол сайлауалды үгіт-насихат жүргізу шарттарын бұзып, азаматтарға такси қызметін тегін көрсеткен. Ол кінәсін мойындап, тіркеуден алынды», -дейді ол.

Бұған дейін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар сотқа 166 арыз түсіргені туралы хабарлаған едік. https://kaz.inform.kz/news/mazhilis-pen-maslihattar-deputattygyna-kandidattar-sotka-166-aryz-tusirgen_a4046889


Соңғы жаңалықтар