Сайлауалды кампанияларда күтпеген оқиғалар болуы мүмкін - Данияр Әшімбаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан биографиялық энциклопедиясының бас редакторы, саясаттанушы Данияр Әшімбаев алдағы Президент сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, биылғы кезектен тыс сайлаудың ең басты ерекшелігі - барынша көп кандидаттың тіркелуінде.

«Президент сайлауына түрлі саяси бағыттардың адамдары түсіп отыр. Мәселен, Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев, коммунистік партия атынан Жамбыл Ахметбеков түседі. Тарихта бірінші рет президент сайлауына әйел адам Дания Еспаева түспек. Ауыл партиясы атынан Төлеутай Рахымбеков бар. Партия атынан түскендерде әкімшілік және ұйымдастырушылық ресурс бар. Ал қоғамдық бірлестіктердің атынан түсетіндерге бұл жағы қиындық туғызуы мүмкін. Кәсіподақтар атынан түсіп отырған Амангелді Тәспихов пен Әміржан Қосанов, Сәді-бек Түгел бар. Бірақ алда сайлауалды науқан келе жатыр, оның қалай болатын тек сол кезде нақты көре аламыз. Алайда бұл науқан - кандидаттардың өздері туралы ашық айтып, қоғамға жан-жақты танылуға тамаша мүмкіндік», - деді Данияр Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар