Сайлау: Жигули Дайрабаев дауыс беруге келді

Автор:  
Айжан Серікжанқызы

Сайлау: Жигули Дайрабаев дауыс беруге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев дауыс беруге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кандидат дауыс беруге таңғы 7:00-де Түркістан көшесінде орналасқан 396 сайлау учаскесіне келді. Оның қасында жұбайы және балалары және туыстары болды.

Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан түсті.

Жигули Дайрабаев бастаған топ өкілдері Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Алматы, ШҚО, Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының сайлаушылармен кездескен еді.

photo





Серіктестер жаңалықтары