Сайлау: Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төралқасы мәлімдеме жасады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төралқасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат партия сайтына сілтеме жасап.

«Біз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – еліміздегі саяси өзгерістер үшін күресуге дайын жалғыз оппозициялық күшпіз. Өткен парламенттік сайлау науқанында дауыс берудің әділ өтуіне күмән келтіріп, өз кандидаттарымызды ұсынбай, сайлауға бойкот жариялауды шештік. Енді жағдай өзгерді, заңнамалық шарттар мен билік жүйесінің өзі өзгерді. Сондықтан да, еліміздің болашағы алдындағы жауапкершілікті түсіне отырып, біздің партия алдағы сайлау науқанына қатысу туралы шешімін қабылдады.

Біз сайлауға қоғамда жылдар бойы жиылған мәселелерді шешу, азаматтардың құқықтарын кеңейту және саяси жүйені демократияландыру мақсатында қатысамыз», - делінген мәлімдемеде.

Айта кетсек, кеше «AMANAT», «Ақ жол» және «Қазақстан халық партиясы» да үндеу жариялаған болатын. Сондай-ақ, «Ауыл» партиясының төрағасы да мәлімдеме жасады.

Еске салсақ, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады.


Фото: osdp.kz
Соңғы жаңалықтар