Сайлау заңын бұзған 17 учаскелік комиссия мүшесі жауапқа тартылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау барысында сайлау заңын бұзған 17 учаскелік комиссия мүшесіне айыппұл салынды.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі.

«Өз өкілеттіктеріне сәйкес, сайлау органдары азаматтар мен бірлестіктердің хабарларына жедел ден қойып, тисті шаралар қабылдады. Сайлау заңнамасын бұзғаны үшін учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері бойынша олардың 14 мүшесі комиссиялардың жұмысына қатысудан дереу шеттетілді. Осылайша, оларға «Сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген конституциялық құқықтық жауапкершілік шаралары қолданылды», - деді ол брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ықтимал бұзушылықтар туралы ақпараттық материалдардың таралуына және сайлау комиссияарына азаматтардан, саяси партиялардың байқаушыларынан, кандидаттардан өтініштердің түсуіне байланысты ОСК Бас прокуратураға тексеру және құқықтық бағалау жүргізу туралы сұрау салу жіберген.

«Бас прокуратураның ресми ақпараты бойынша дауыс беру күні 34 адамның тарапынан құқықбұзушылық тіркелген. Олардың ішінде 17 учаскелік комиссия мүшесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 110-бабы бойынша айыппұл салынды. Олардың барлығы жауапқа тартылды», - деді Нұрлан Әбдіров.


Соңғы жаңалықтар