Сайлау: Түркістанда есту қабілетінде ақауы бар жандарға сурдоаудармашылар көмек беруде

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында мүгедектігі бар жандар да өз таңдауын кедергісіз жасап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыс қалалық мүгедек жандар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, екі жанарынан айрылған Серік Құдайқұлов №9 сайлау учаскесіне таң сәреде келіп, дауыс берді. Ол азаматтық міндетін үйде отырып орындаудан бас тартып, сайлау учаскесіне келуге шешім қабылдаған.

Арбамен жүретін адамдардың кедергісіз қимылдауы үшін барлық сайлау учаскесінде босағасы кең арнайы кабиналар орнатылған. Зағип жандарға арналған аудио бюллетеньдер бар. Олар үміткерлердің тізімін қағаз бетін қолмен сипап оқи алады. Ал есту қабілетінде ақауы бар жандарға сурдоаудармашылар көмек беруде.

«Осыған дейінгі сайлау науқандарынан қалған емеспіз. Қазір мүгедектігі бар жандарға кедергі жоқ. Барлық жерде пандустар бар. Біздің қоғамдық бірлестікке мүше азаматтардың барлығы бүгін сайлау учаскілеріне келуге бекініп отыр» - дейді сайлаушы.

Соңғы жаңалықтар