Сайлау туралы жаңа заңның артықшылығы неде - Әділет вице-министрінің пікірі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет вице-министрі Наталья Пан сайлау туралы жаңа заңның артықшылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған еді.

Аталмыш заң партия тізімінде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота беруді міндеттейді.

«Бұл өзгерістерге сәйкес мәслихат пен Парламент депутаттарының сайлауына тізімінде жастар мен әйелдер бар саяси партиялар ғана өткізіледі. Статистика бойынша Қазақстанда экономикалық сипатта белсенді 4,5 млн адам мен 20-29 жастағы 2,8 млн жас бар. Қазіргі таңда мәселен Парламентте әйел-депутаттардың үлесі 22 пайыз. Ал жасы 29-ға дейінгі жастар Парламентте жоқ», - деді Наталья Пан ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ол әлемдегі мемлекеттердің көбі әйелдер мен жастарды сайлау процесіне белсенді түрде тартып жатқанын айтып өтті.

«Әлемдік тәжірибеде мұндай ынталандыру квоталары кеңінен қолданылады. Халықтың қоғамдық сипатта белсенді бөлігі ретінде жастар мен әйелдерде әлеуметтік және саяси әлеует барын атап өту керек. Осыған байланысты ұсынылған заңнамалық нормалар әйелдер мен жастарды елдің саяси-қоғамдық өміріне араластыруға қосымша құқықтық шарт жасайды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар