+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Сайлау туралы жаңа заң белсенді жастар санын арттыруға ықпал етеді - Айдос Сарым

2020 жылғы 25 мамыр 18:55
Бөлісіңіз:
Сайлау туралы жаңа заң белсенді жастар санын арттыруға ықпал етеді - Айдос Сарым

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі саясатанушы, қоғам қайраткері Айдос Сарым ҚР Сайлау туралы жаңа заң туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавл жолдарында бейнебақылау жүйесінің көмегімен 4 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді Қырғызстанда парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды Ақмолалықтар бір күнде полицияға 32 тіркелмеген қару өткізді

«Қабылданған жаңа заң - ҚР Президенті айтқан бірінші саяси реформалар пакетінің бөлігі. Бұл жағдайда заң жас депутаттардың санын арттырып, гендерлік құрамға ықпал етеді. Бізде Мәжіліс пен Сенаттан бастап, облыстық, аудандық мәслихаттарға дейін ерлер саны басым. Жаңа заңға сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісіне, қалалық мәслихаттарға жаңа сайлауға үміткерлер партиялық тізім бойынша қатысады. Қазір елімізде айтарлықтай қызықты процестер жүріп жатқанын түсіну керек. Бұл - саяси өмірге қатысқысы келетін барлық адамға мүмкіндік. Ұсынылып отырған шешім де жаман емес», - деді саясаттанушы.

Оның айтуынша, қазір жастар белсенділік танытуы қажет.

«Жастар белсенді қатыспаған нормалардың берері аз. Бұл - қолданып қалуға тұрарлық үлкен мүмкіндік. Қазір белсенді болу керек. Егер қоғамда беделі бар, танымал тұлға болсаң, партиялардың өзі-ақ бірлесіп жұмыс істеуді ұсынады. Қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып, осы нарықты жаулап алу қажет», - деп кеңес берді Айдос Сарым.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT