Сайлау туралы роликтер дайындалмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы сайлау науқынында каскадтық оқытуды іске асыру жөніндегі кейінгі алгоритм мынадай жоспарды көздейді: сәуірдің соңына дейін - аумақтық сайлау комиссияларының барлық жаңа мүшелерін электораттық оқытуды аяқтау; мамырдың соңына дейін - барлық тізбеленген оқыту түрлерін пайдалана отырып, учаскелік сайлау комиссияларының барлық мүшелерін оқыту. Мұнан бөлек, мамырда Орталық сайлау комиссиясы ОСК мүшелерінің және аппараты қызметкерлерінің қатысуымен өңірлерде семинар-кеңестер ұйымдастыратын болады», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина қаулы жобасын таныстырып.

Комиссия хатшысының айтуынша, осы аптадан бастап ОСК сайтында учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне, халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің бақылаушыларына, шетелдік БАҚ өкілдеріне, ҚР Президенттігін кандидаттары үміткерлеріне және олардың сенім білдірген адамдары, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жаңартылған әдістемелік құралдар орналастырылады. Дауыс беруге арналған үй-жайларда орналастыруға арналған әдістемелік құралдар мен ақпараттық-түсіндіру материалдарының баспаханалық нұсқалары өңірлерге жеткізіледі.

«ОСК дауыс беру күні сайлау ұйымдастырушыларының жұмысы туралы оқыту фильмін дайындауға тапсырыс берді, ол интернет-ресурста қолжетімді болады. Ал ел аумағында интернет жоқ өңірлерде орналасқан сайлау комиссияларының қатысушылары үшін қатты дискідегі нұсқа беріледі. Сайлаушылармен ақпараттық, түсіндіру және жұмылдыру сипатында жұмыс істеу үшін үлкен көлемді роликтер дайындалуда», - деді С.Мұстафина.

Соңғы жаңалықтар