Сайлау тақырыбындағы постерлер байқауына 200 еңбек келіп түсті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Сенің дауысың - сенің болашағың!» атты постерлер байқауына 200 жұмыс келіп түсті. Бұл туралы бүгін Алматыдағы баспасөз мəслихаты барысында байқау ұйымдастырушылары мəлім етті.

Аталған байқау осыдан 3 апта бұрын басталған болатын.

«Мақсатымыз - еліміздегі маңызды шара сайлауда әр қазақстандықтың өз таңдауын жасауына әсер ету. 20 наурызда өтетін Парламент депутаттары мен мәслихат депутаттығына сайлауға қатысты байқау ұйымдастыруды жөн көріп, Орталық Коммуникациялар қызметіне ұсынысымызды білдіріп, қолдау таптық. Қазіргі таңда байқауға жастар өте белсенді қатысып жатқанына өте қуаныштымыз», - деді «Қаламгер - Азамат» жас журналистер қоғамдық қорының төрағасы Айдар Қырықпай.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 3 аптаның ішінде байқауға 200-ден астам жұмыс түскен. Авторлардың көбі 25 жасқа дейінгі жастар.

Дизайнерлер мен программистерден бөлек, шахтерлер мен өрт сөндірушілерден түскен еңбектер бар.

Шараға өтініштер 24 наурызға дейін қабылданады.

Сондай-ақ, бүгін Павлодар, Атырау, Жамбыл облысының жастары онлайн трансляцияға шығып, сайлау туралы өз ойларын білдірді.

Айта кету керек, «Сенің дауысың - сенің болашағың!» атты постерлер байқауы былтыр да өткізілген болатын.

Былтырға байқауда бас жүлдені (халықтық дауыс беру) Алматы қаласының тұрғыны Еркебұлан Қазыкенов жеңіп алды.

Ал Қазылар таңдауы номинациясы бойынша бірінші орын - Айнұр Бокинаға берілді (Астана қаласынан), екінші орында Виктория Резунова (Павлодар қаласынан), үшінші орынды Сағидолла Ахтанов (Алматы қаласынан) иеленді.

«КАЗКА» Қазақстандық қауымдастық номинациясы бойынша бірінші орында -Бекзат Махамбет (Астана қаласынан), екінші орынды Миржан Мұхамбетов (Орал қаласынан) алса, үшінші орын - суретші Рената Евсееваға (Талдықорған қаласынан) бұйырды.
null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар