Сайлау: Сұрау салу тәртібін бұзған 3 азамат пен 4 заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде қоғамдық сұрау салу тәртібін бұзған 3 азамат пен 4 заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституция және заңға сәйкес прокуратура заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Өткен сайлаулардағыдай прокуратура органдары сайлау заңнамасын бұзу фактілері бойынша шаралар қабылдады. Бүгін сағат 00-00-де аяқталатын сайлау алдындағы үгіт барысында санаулы ғана бұзушылықтар анықталды», - деді Болат Дембаев ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Осы ретте Бас прокурордың орынбасары «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағына сай қоғамдық пікірге сұрау салуды 5 жылдық тәжірибесі бар заңды тұлғалар жүргізуге құқылы екендігін және бұл туралы ОСК-ге алдын ала жазбаша хабарлау қажеттігін айтты.

«Алайда, заңның осы нормаларына қайшы жекелеген әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарда пайдаланушылар осындай сауалнамалар жүргізген. Осыған байланысты прокуратура ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 120-бабының 3-бөлігі бойынша 3 азаматқа және 4 заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғады. Олардың барлығына сотпен 15 және 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Осыған ұқсас фактілердің қайталанылуын болдырмау үшін Бас прокуратура 8 және 23 мамырда БАҚ-та сайлау бойынша сауалнама жүргізу тәртібін түсіндіріп, баспасөз хабарламаларын орналастырды, барлығын заңдылықты сақтауға шақырды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар