Сайлау: Шетелдік байқаушыларды тіркеу аяқталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурыз күні өтетін Мәжіліс депутаттарын сайлауға шетелдік байқаушыларды тіркеу аяқталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларына сәйкес, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді жүргізу дауыс беру күнінен 5 күн бұрын жергілікті уақытпен, яғни, бүгін 13 наурызда 18-00-де аяқталады. Осымен сағат 18-00-де шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мерзімі толығымен аяқталды», - деді Нұрлан Әбдіров бүгін комиссия отырысында.


Соңғы жаңалықтар