Сайлау: Сенімгер тұлғаға қандай талаптар қойылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы Zoom платформасы арқылы өткізген тренинге сайлау өту барысында сенімгер тұлғаға қандай талаптар қойылатыны туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партиялық тізімдерді ұсынған барлық саяси партияларда үгіт жүргізуге көмектесетін сенімгер тұлға болуы керек. Сенімгер тұлғалардың қызметі «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 31-бабы, 20.1 тармағымен реттеледі. Сайлау туралы заңның 31-бабына сәйкес, саяси партияның кандидаттары сенімгер тұлғаларды өз қалауы, тиісті округ бойынша сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтындай етіп анықтайды. Саяси партияның кандидаттары аумақтық сайлау комиссиясына өтініш білдірген өкілдерді ішінен өз қалауы бойынша сенімгер тұлғаларды таңдап алады», - дейді «Ақ жол» партиясындағылар партия атынан бақылауға қатысатындарға арналған тренингте.

Тренингте сенімгер тұлғалардың тізімі екі күн ішінде тіркелетіні айтылды.

«Сенімгер тұлғалардың тізімі жасалған соң аймақтағы филиал төрағасы тізімге қол қояды және сенімгер тұлғаның өтінішімен аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол екі күнтізбелік күн ішінде тізімдерді тіркеуге немесе екі күн ішінде тіркеуден бас тартуға міндетті. Бас тарту оның себебін көрсете отырып дәлелденуі керек» - деп түсіндірілді тренингте.

Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясы сенімгер тұлғаларға қойылатын талап туралы айтты.

«Сенімгер тұлға ҚР азаматы болуы керек. Ол сайлау комиссиясының мүшесі немесе мемлекеттік қызметкер болмауы керек. Сенімгер тұлға бақылаушыларда бар құқықтар мен міндеттерді орындайды және жазбаша түрде ұсынылған құзірет аясында жұмыс істейді», - дейді партия мүшесі тренингте.


Соңғы жаңалықтар