Сайлау: Ресейдегі Қазақстан азаматтары қалай дауыс бере алады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Алдағы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Еліміздің Ресей Федерациясындағы елшілігі Қазақстан азаматтары бұл күні қалай дауыс бере алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 маусым күні Ресей аумағында болатын Қазақстан азаматтары Мәскеу қаласындағы ҚР елшілігінде ашылатын №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Сайлау учаскесінің жұмыс уақыты: 07:00-20:00 (мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3А).

«Сайлаушыларды тізімге енгізу процедурасын жеңілдету үшін ҚР-дың РФ-дағы елшілігіне консулдық есепке тұруға кеңес береміз (сілтемені қараңыз). Сондай-ақ +7 (495) 627 18 12, +7 (495) 627 18 96 телефон нөміріне қоңырау шалып, аты-жөніңіз бен ЖСН-ды хабарлауыңызды сұраймыз», - делінген елшілік ақпаратында.

Мәскеу қаласынан бөлек, Ресей аумағындағы өзге төрт қалада дауыс беруге болады. Сайлау учаскелері Қазақстан Республикасының Бас консулдығы мен Консулдықтарында жұмыс істейді:

Санкт-Петербор қаласы, Рылеев көшесі, 10. Тел.: +7 (812) 335-25-46, факс.: +7 (812) 335-25-47, е-mail: [email protected], веб-сайт: https://mfa.gov.kz/kz/s-petersburg

Қазан қаласы, Карл Маркс көшесі, 8/13 үй. Телефон: +7 (843) 202-05-92, факс: +7 (843) 223-06-69, веб-сайт: https://kzkazan.ru/kk/, е-mail: [email protected]

Астрахан қаласы, Акварель көшесі, 2Б. Телефон: +7 (8512) 61-00-07, факс: +7 (8512) 25-18-85, е-mail: [email protected], веб-сайт: www.mfa.kz/kz/astrakhan

Омбы қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, 9. Телефон: +7 (3812) 32-52-13, 32-52-07, 32-52-08, факс: +7 (3812) 32-52-15, 32-52-05, веб-сайт: https://kz-omsk.ru/kz, е-mail: о[email protected].

Дауыс берушілердің өзімен бірге Қазақстан Республикасының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.

Соңғы жаңалықтар