Сайлау процесін 81 мыңнан астам ұлттық байқаушы қадағалады – Нұрлан Әбдіров

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Дауыс беру күні байқауды 81 мыңнан аса ұлттық байқаушы бақылады. Бұл туралы сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялау кезінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дауыс беру күні байқауды 81 мыңнан аса ұлттық байқаушы жүзеге асырды. Оның ішінде кандидаттардың саяси партиялардың 38 981 сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың 19 мың байқаушысы, 252 аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің 23 383 байқаушысы және халықаралық ұйымдардың 793 байқаушысы қатысты», - деді Нұрлан Әбдіров.

Еске салайық, бүгін ОСК сайлаудың түпкілікті қорытындысын шығарды.


Соңғы жаңалықтар