Сайлау: ОСК 473 шетелдік байқаушыны тіркеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс сайлауын тағы 473 шетелдік байқаушы қадағалайтын болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 34 шет мемлекеттен, 9 халықаралық ұйымнан 322 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігінен 17 шет мемлекеттен, 9 халықаралық ұйымнан 473 байқаушыны тіркеуден өткізу ұсынылды. Атап айтқанда, Австрия, Моңғолия, Ресей, Солтүстік Македония, Оңтүстік Африка Республикаларынан – 1 байқаушыдан. Оның ішінде Солтүстік Македония және Оңтүстік Африка Республикаларынан Елші мырзалары мен Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары бар», - деді ол.

Комиссия хатшысының дерегінше, Әзербайжан, Индонезия, Мажарстан, Румыния, Франция мемлекеттерінен екі кандидаттан ұсынылды. Филипин, Финляндия, Жапония мемлекеттерінен 3 кандидаттан аккредиттеу ұсынылды. Ал Германия мен Өзбекстаннан 5 байқаушыдан бар.

«ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро миссиясынан – 284, ЕҚЫҰ миссиясынан – 8, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық ассамблеясынан – 22, ҰҚШҰ Парламентаралық ассамблеясынан – 1, ШЫҰ-дан 16, ИЫҰ-дан – 3, Түркі мемлекеттері ұйымынан және Жерорта теңізі Парламенттік ассамблеясынан 2 кандидатурадан тіркеуге ұсынылды», - деді Мұхтар Ерман.

Комиссия отырысы барысында шетелдік байқаушыларды аккредиттеу туралы ресми қаулы қабылданды.


Соңғы жаңалықтар