Сайлау науқанына қатысты шағым түскен жоқ - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа сайлау науқанын ұйымдастыру бойынша шағым келіп түспеді. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің кеңсеге аталған тақырыпта ешқандай шағым түскен жоқ. Соған қарамастан, біз осы сайлау науқанын ерекше назарда ұстап отырмыз. Бұл тұрғыда кандидаттар заңсыз әрекеттерге қатысты шағым жасай алады. Жалпы, осы мәселеде әділдік қамтамасыз етілді деп санаймыз», - деді А. Ластаев елордада БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Фолькер Тюркпен кездескеннен кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол адамдар сотқа жүгініп, өз құқықтарын қорғауы қалыпты жағдай екенін айтты.

«Ел халқы өз құқықтарын заң жолымен қорғауы керек. Қазіргі кезде шағым айтып бізге ешгім жүгінбеді», - деді Артур Ластаев.

Сонымен қатар Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстанда «шетел агенттері» туралы заңды енгізу қарастырылмағынан айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ТМД байқаушылары миссиясы елімізде өтіп жатқан сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары барысында кемшіліктерді анықтаған жоқ.


Соңғы жаңалықтар