Сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін - Тоқаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президент сайлауының әділ өтетініне кепілдік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Қазақстанда келесі президент сайлауы 20 қарашада өтетін болды.

Осыған байланысты бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеу жасады.

Онда Президент биылғы жыл жан-жақты реформалар мен нақты өзгерістер жылына айналғанын сөз еткен.

«Мемлекет басшысы ретінде сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін. Оны отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізетін боламыз. Барша азаматтарымызды жауапкершілігін сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырамын. Еліміздің бірлігі мен тұтастығын көрсете білейік. Халқымыздың тағдыры, Қазақстанның болашағы әрқайсымыздың қолымызда. Біз Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!» делінген үндеуде.


Соңғы жаңалықтар