Сайлау мемлекетті басқару ісіне қатысудың бірден бір жолы – болашақ саясаткер

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Пандемияға байланысты сайлаудың өтуіне кедергі бола ма дегент қауп сейіліп, дауыс беру қарқынды өтуде. Әрбір қазақстандық азамат мемлекетті басқару ісіне қатысып, сайлауда дауыр берген жөн, дейді болашақ саясаткер Елдос Жұмағұлов.

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 3-ші курс докторанты Елдос Жұмағұлов конституциялық құқығын пайдаланып, сайлауда дауыс берді. Болашақ саясаткер қарағандылық жерлестерін азаматтық парызын орындауға шақырды.

«Әрине сайлауға қатысу, қатыспау әркімнің өз еркі. Бірақ та, еліміздің болашағына бей жай қарамайтын азамат өз борышына немқұрайды қарамағаны жөн. Сайлау мемлекетті басқару ісіне қатысудың бірден бір жолы.

Бұл сайлаудың ерекшеліктеріне атап өтетін болсақ, ең біріншіден, пандемияға қатысты карантиндік шектеулер аясында өткізіліп отыр, эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына орай сайлауды өткізуге кедергі бола ма деген қауіп болған. Жағдайдың біршама тұрақтануы саяси науқанды уақытында өткізуге мүмкіндік берді.

Екіншіден, сайлау туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жергілікті мәслихат сайлауы жаңа пропорционалдық жүйе бойынша өтуде», - дейді Елдос Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар