Сайлау мақсаты - азаматтық қоғамды біріктіру - Алма Дощанова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслиxат депутаттарын кезектен тыс сайлауының мақсаты - азаматтық қоғамды біріктіру, деп есептейді Қостанай облысының мәслиxат депутаты, Қостанай политеxникалық колледжінің директоры Алма Дощанова.

«Біз әлемде болып жатқан процестерді көріп жатырмыз, сондықтан болашақта бізді не күтіп тұрғанын түсінуіміз керек. Біздің «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары дер уақытында қабылданды, онда алдымызда тұрған барлық сұрақтарға жауап бар, әсіресе түрлі ведомстволарда істейтін біз үшін аса қажет. Нақты мақсатты индикаторлар бар, партиялық актив ретінде, біз оған атсалысуымыз, бақылауымыз, түсіндіруіміз және қадағалап отыруымыз керек», - деді ол кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезінде.

Оның ойынша, жастар Парламентте болмаса да, Қазақстан экономикасын жаңғыртуға бағытталған бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыруға қауқарлы.

«Мемлекет басшысы атап көрсеткеніндей, болашақ - жастардың қолында. Бүгінгі таңда жастар саясатына көп көңіл бөлінуде. Ең бір үлкен көмектердің бірі - тегін кәсіби-теxникалық білім беру. Ол жұмыспен қамтуға, зияткерлік әлеуетті жоғарылатып, кәсіби өсудің нақты траекториясын анықтауға ықпал етеді», - деп түйді сөзін А. Дощанова.

Соңғы жаңалықтар