Сайлау күнінде маска кию ұсынылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде дауыс берушілерге масқа кию ұсынылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикамызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәулігіне COVID-19 ауруы орташа есеппен 100 жағдайға дейін тіркелуде. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер «жасыл» аймақта тұр. Сонымен қатар 7 өңірде R көрсеткіші 1 бірліктен жоғары. Бұл аурудың таралуымен байланысты болып отыр. Осыған орай, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші 1-ден жоғары болған кезде халық көп жиналатын жерлерде маска кию ұсынылады», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында.


Соңғы жаңалықтар