Сайлау күні Көкшетауда жолақы екі есеге арзандады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін сайлау күні Көкшетауда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы екі есеге арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеңілдік жергілікті тұрғындардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында жасалды», - дейді автопарк басшылығы.

Айталық, Көкшетауда әдетте автобуста жүру жолақысы 80 теңге болса, бүгін сайлау күні қалаішілік жолаушылар тасымалымен айналысатын барлық автобус парктері 40 теңгеге арзандатып отыр.

Айта кетерлігі, сайлау күні елордалық және шымкенттік автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды.

Еске сала кетейік, бүгін еліміз бойынша ҚР Президентінің сайлауы өтуде. Бұл науқанға ақмолалықтар да белсенді қатысуда. Таңғы сағат 08:00-де аймақ басшысы Е.Маржықпаев Көкшетау қаласында өзі тіркелген №1 орта мектепте орналасқан №8 сайлау учаскесіне барып, алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

Соңғы жаңалықтар