Сайлау күні Қазақстанда 600-ден астам сәби дүниеге келді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлау күні Қазақстанда 600-ден астам сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды сайлау күні елімізде 609 сәби дүниеге келді, оның ішінде 312 ұл, 297 қыз, бір егіз бар.

Мемлекеттің одан әрі дамуы жолындағы осындай маңызды күні дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз!» - деп жазды Денсаулық сақтау министрлігінен.

Айта кетейік, кеше республиканың стационарларында емделіп жатқан пациенттер үшін арнайы дауыс беру орындары ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар